Мас жүргізушілердің көліктері тәркіленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияда көлікті мас күйінде жүргізгендер енді темір тұлпарларынан айырылады. Бұл елде алкогольдік ішімдік ішкендердің көлікті басқаруына жаза күшейтіліп отыр.
Қанында 2 промилледен артық алкоголь өнімі анықталған жүргізушілердің көліктері тәркіленетін болады.
Ал көліктерді сатудан түскен қаржы мемлекеттік қазынаға бағытталады. Сонымен қатар бұл ереже Дания аумағында көлікті мас күйінде басқарған шетелдіктерге де қатысты болмақ.
Мұндай қатаң санкциялар жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін қабылданып отырған көрінеді. Себебі, Дания жолдарындағы әрбір төртінші адамның өлімі алкогольді тұтынумен байланысты екен, деп жазады Росбалт.