Мас жүргізушіні сау етіп көрсеткен қостанайлық наркологтарға сот үкімі шықты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Медициналық куәландыру нәтижелерін өзгерткен Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мас жүргізушіні сау етіп көрсеткен қостанайлық наркологтарға сот үкімі шықты

«Айыпталушы М. өзінің қарамағындағы С., М-те және Х-ның баяндамасынан Ш-ның көлік құралын басқару кезінде мас күйінде болғанын және оны әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босату мақсатында С. және М-те наркологтарына куәландыру нәтижелерін өзгертуді тапсырған», - делінген сот материалында.

Айыпталушылар сотта өз кінәсін толық мойындаған.

«Сот айыпталушы М-ға Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлімін қолдана отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу арқылы белгілі бір лауазымдарды иелену және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру жазасын тағайындады. С. және Х-ға қатысты жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 айға, ал М-те 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.