Мәселе Үкіметтің бақылауында – министрлік Екібастұз ЖЭО-cында зақымдалған құбыр жайлы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұз ЖЭО-cында құбыр зақымдалған жерде ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдері және облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселе Үкіметтің бақылауында – министрлік Екібастұз ЖЭО-cында зақымдалған құбыр жайлы

«18 ақпан күні сағат 04:37-де Екібастұз ЖЭО-сында су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20:00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23:00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосыла бастады. Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.

Ведомство ұсынған ақпарат бойынша қазір жылу электр орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Жылу беру температурасы 70 градус.

Еске салайық, кеше Екібастұз ЖЭО-сында желілік су құбыры зақымдалып, үйлерге жылу беру азайтылған болатын.