Маша Кончаловская өздігінен демала бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марсель клиникасының дәрігерлері Андрей Кончаловскийдің қызын өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратты, деп хабарлады monavista.ru сайты.

Маша Кончаловская өздігінен демала бастады

Дәрігерлер мұндай қадамға Маша Кончаловская өздігінен демала бастағаннан кейін барды.

14 жастағы Мария Кончаловская алты ай ессіз-түссіз жатқаннан кейін өздігінен демала бастады, деп хабарлады БАҚ. Сонымен қатар ол сыртқы әсерлерді қабылдай бастады. Бұл Машаның организміндегі оң серпінді байқатады.

Француз дәрігерлері алдағы күндері ол көзін ашады деп күтуде. Ал осы аптада ол есін жиюы мүмкін. Ұзаққа созылған ес-түсінен айырылуы оның организміне қаншалықты залал келтіргені содан кейін белгілі болады. Сондықтан дәрігерлер әзірге болжам жасап отырған жоқ.

Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Францияның оңтүстігіндегі апаттан кейін Маша Кончаловская есінен айырылған болатын. Машина рулінде оның әкесі, 76 жастағы режиссер Андрей Кончаловский болған. Ол машинаны басқара алмай қалып, жергілікті зейнеткердің машинасына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Маша ғана ауыр соққы алып, ес-түсінен айырылды.