Мәшһүр Жүсіп мұралары Астанада

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 сәуір күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклор танушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш және көрменің ашылады. Бұл туралы Музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған шара Музейдің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған көрмелер кезеңін ашады. Және бұл кездейсоқ емес: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасы тәуелсіздік пен еркін ойлау идеяларынының іргетасы болып табылатын қазақ фольклорының өзіндігі мен мәдени әралуандығының философиялық талдауын бейнелейді.

Әдеби кеш және көрме - ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің мұражайтанушылық жұмысының нәтижесі.

Көрмеде Музей қызметкерлерінің жинақтау жұмыстарының барысында жүйеленген Бұхар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі, Қ. Сәтпаев атындағы мемориалдық музейі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қорларының материалдары ұсынылады.

Негізгі іс-шара Бұхар жырау атындағы музейдің қазақ ақындары мен ойшылдарының мұрасын, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын насихаттау бағытындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының арқасында жасалды.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы: (1858-1931жж.) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Фольклортанушы, этнограф, тарихшы, талантты ақын, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Оның әдеби және ғылыми мұрасы - Тәуелсіздік идеясының тұғырына айналған, алтын қазыналы қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Соңғы жаңалықтар
telegram