Машина құрылысы саласындағы мемлекеттің барлық ірі жобалары таныстырылады - Ә. Исекешев

СТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің аяғында машина құрылысы саласындағы мемлекеттің барлық ірі жобалары таныстырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстандық қамту мәселелеріне арналған республикалық кеңесте Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметтің жанындағы бизнестің қатысуымен жұмыс істеп жүрген жұмыс тобын кеше жинап, бұл топтың жаңа құрамын анықтадық. Атап айтқанда, біз бизнеспен диалогты қалыптастыру бойынша жаңа форматта жұмыс істеуді шештік»,- деді Ә. Исекешев.

Енді отырыстар салалық бағыттар бойынша өткізіледі. Оған салалардағы барлық өндірушілер, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері қатысады.

«Бұл диалогта мамандандырылған тұрғыда қарауға, проблемалық мәселелерді анықтауға және барлық деңгейде шешуге мүмкіндіктер болады. Әр кез-келген саладағы ірі жоба қазақстандық қамту талабы арқылы қарастырылады»,- деді Ә. Исекешев.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс тобының құрамына республикалық бизнес бірлестіктердің өкілдері, кен орынын пайдаланушылар, сондай-ақ отандық кәсіпорындар өкілдері кіретін болады.

Жұмыс тобының бірінші отырысын сәуірдің 8-інде өткізу жоспарланып отыр. «Оған барлық жеңіл, азық-түлік өнеркәсіптерін, осы өнімді пайдаланатын ұлттық компанияларды, тиісті министрліктерді шақыруды көздеп отырмыз»,- деді министр.

Ал сәуірдің аяғында машина құрылысы мен құрылыс салалары бойынша жұмыс тобының үлкен жиыны өтетін болады.

«Яғни, мемлекеттің барлық ірі жобалары таныстырылады. Осы орайда машина құрылысындағы барлық кәсіпорындар мен құрылыс компаниялары бұл кеңеске қатысуын қалаймыз»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар