Машина төртінші қабаттан құлап, жүргізуші аман қалды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балтиморда 23 жастағы Audi Q5 жүргізушісі көп қабатта тұраққа көлігін қояр сәтте рульге ие бола алмай, ғимараттың төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлады Би-би-си.

Машина төртінші қабаттан құлап, жүргізуші аман қалды - ВИДЕО

Бейнебақылау камерасы түсірген жазбада әйелдің зардап шекпегені, көліктен қалай шыққаны анық көрінеді.

Жеңіл жарақаттармен Линдси Тейлор Кук жергілікті ауруханаға жатқызылды, жақында үйіне шығарылады.

Құлаған сәтте, абырой болғанда, жүргіншілерге арналған жолда ешкім болмаған.

14 наурыздағы Тоусон қаласында орын алған оқиға жазбасы бейсенбі күні Балтимор округі полициясының рұқсатымен жарияланды.