Машина жасау саласындағы негізгі басымдықтың бірі – маман даярлау

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл мақсатта ЖОО бағдарламаларына озық білім беру тәсілдері мен тәжірибелері енгізіліп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумында мәлімдеді.

машина жасау
Фото: Азертадж

– Барлық инновациялар мен технологиялардың негізінде адамның шексіз әлеуеті мен ақыл-ойы тұрғаны белгілі. Жаңа буын инженерлері мен техникалық мамандарды даярлау – біздің басты басымдығымыз. Бүгінде білім беру гранттарының 60%-дан астамы инженерлік және IT мамандықтарына бөлініп жатыр, – деді ол.

Сонымен бірге отандық университеттерде және жетекші шетелдік техникалық университеттердің ашылып жатқан филиалдарында озық білім беру тәсілдері мен тәжірибелері енгізіліп жатыр. О.Бектеновтің сөзінше, бұл ұзақ мерзімді технологиялық дамудың негізін қалыптастырады.

Айта кетейік бұған дейін машина жасау саласындағы келесі қадамдар жөнінде жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар