Машина жасау саласында 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, 2012 жылдың І тоқсанындағы қорытындыға сәйкес машина құрастыру саласындағы өндіріс көлемі 120 пайызды құраған,

Машина жасау саласында 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

деді рm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында Қазақстан Көлік құрастырушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев.

Индустрияландыру бағдарламасының аясында машина жасау саласында 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Бұл жүк таситын теміржол вагондарын жасау, астық таситын көліктер, тепловоздар, жолаушылар вагонын, тікұшақтар жасау сияқты ірі жобалар. Сондай-ақ мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі және көлік жасау салаларында қажетті машиналарға қосалқы бөлшектер шығаратын жаңа кәсіпорындар да іске қосылып жатыр.

Қазақстан Көлік құрастырушылар одағының төрағасы айтқандай, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен автокөлік саласы да қатар дамып келеді. Қазақстанда жеңіл көлік, жүк көліктері мен автобустар шығаратын зауыттар салынған.

«2011 жылдың қорытындысы бойынша машина құрастыру саласындағы өндіріс құны 500 млрд. теңгені құраған, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артық», - деді М.Пішембаев.

Сондай-ақ оның атап өткеніндей, соңғы бес жылда бұл саладағы өндіріс көлемі шамамен 2 еседен асатын көлемде, ал 2000 жылмен салыстырсақ 11 есеге ұлғайған. «2000 жылы машина құрастыру саласындағы өндіріс көлемі 45 млрд. теңгені құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 220 млрд. теңгеге жеткен», - деп атап өтті М.Пішембаев.