Машинистер сақалды алып тастау жөніндегі метро талабына қарсы шығып, мекемені сотқа берді - Жапония

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Осакадағы метро машинистері сақалын алмағаны үшін сыйақы берілмегеніне қатысты келтірілген шығынның орнын толтыруды талап етуде, деп жазады The Guardian басылымы.
None
None

Метрополитеннің екі қызметкері көліктік кәсіпорын үстінен сотқа арыз-шағым түсірді. Онда олар бонустық төлем қысқартылғаны үшін әрқайсысына 2,2 млн иен (19 мың доллардан астам) өтемақы төлеуді талап етті. Олардың ойынша, сыйақы көлемі 2012 жылы енгізілген қызметкерлердің сырт келбетіне қатысты талаптарға сәйкес қысқарған.

50-ге жақындаған екі ер адам осы мекемеде он жылдан астам сақалмен жүрген. Алайда, жаңа ережелерге сәйкес метро қызметкерлері иектегі түгін қырып тастау міндеттелген. Осы талапта әйел қызметкерлер декоративті косметика пайдалануғ яғни әрленіп жүру жүктелген.

«Мен сақалымды күтіп ұстадым, оған қатысты ешбір жолаушы шағымданған емес», - дейді арызданушының бірі. Ол сақалына бола сырт келбеті сүйкімсіз көрінеді деген талаппен келіспейтіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар