Мәсімов британдық журналистің посткапитализм туралы кітабын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Инстаграмдағы парақшасына Пол Мэйсонның «Посткапитализм. Болашағымыздың жол көрсеткіші» кітабының қызығушылық тудырғанын жазды.

Мәсімов британдық журналистің посткапитализм туралы кітабын атап өтті

Британдық журналист Пол Мэйсон «Посткапитализм» кітабын 2015 жылы жазды. Өз еңбегінде автор капитализмнің пайда болуы мен дамуы туралы жазады. Алайда, П.Мэйсон пікірінше, ХХІ ғасырда капиталистік жүйе жаңа сын-тегеуріндерге төтеп бере алмай, қирауы мүмкін. Олай болса, кітаптың басты сұрағы: Капитализмнің болашағы көңіл көншітерлік болмаса, адамзатты қандай өмір күтіп тұр?

Бірқатар сыншылар кітапты революциялық деп бағалады, ал The Guardian Мэйсонды Карл Маркстің ізбасары деп атады.