Мәсімов пен бірқатар тұлғаға қатысты билікті күшпен басып алу әрекеті бойынша тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Мәсімов пен бірқатар тұлғаға қатысты билікті күшпен басып алу әрекеті бойынша тергеу басталды

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

Тергеу жалғасуда.