Мәскеу 11-сандық нөмірге көшеді
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Мәскеу қалалық телефон стансасы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 4,4 миллион пәтерді 11-сандық нөмірге көшіреді. Бұл туралы кеше «Ведомости» газеті хабарлады.
Бұдан бұрын станса кез келген нөмірді 11-санмен теруді көздейтін жүйеге көшіруді қаңтар айына жоспарлаған болатын, алайда оған қажетті жабдықтар дер кезінде толық әзір болмай қалды.
1 шілдеден бастап, жеті санды нөмірдің алдында «8» және үш сандық «495», «498» немесе «499» нөмірлерін теру қажет болады. Бұған дейін мәскеуліктер 495 кодының ішіндегі қоңыраулар үшін жеті нөмірді ғана теретін.
Басқа қалаларға және елдерге телефон шалуда нөмір теру тәртібі өзгермейді. Сондай-ақ шұғыл және анықтама қызметтерін шақыру тәсілі де бұрынғыша қалады.