Мәскеу 134 жылдық температура рекордын жаңартты

АСТАНА. KAZINFOR – Мәскеуде 2 шілдеде ауа температурасы 32 градусқа жеткенде 1890 жылғы рекорд жаңарған. Ол күні ауа температурасы 31,9 градус болды, деп хабарлады ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі. 

Москва побила температурный рекорд 134-летней давности
Фото: Сергей Булкин/ ТАСС

«2 шілдеде Мәскеуде 134 жылдық рекорд жаңарды. ВДНХ метеостанциясы 32 градусты тіркеді», - деп мәлімдеді Ресейдің Гидрометеорологиялық орталығының ғылыми директоры Роман Вильфанд.

Ол сонымен қатар шамамен сағат 15:00-де Балчуг аймағында температура 33,2 градусқа дейін көтерілгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар