18:29, 06 Шілде 2016 | GMT +5
«Мәскеу-Анталия» әуе рейсі билетінің құны 75 пайызға қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуден Анталияға ұшатын әуе рейсінің билет құны осы бағыттың ашылуынан бері 75 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлады Ресей туроператорлар қауымдастығы.
Мәскеу-Стамбұл әуе билетінің құны 40 пайызға өскен.
Ресей туроператорлар қауымдастығының сұрауымен дайындалған Aviakassa онлайн-агенттігінің есебі бойынша, Мәскеу-Анталия бағытының тасымалдау пакеті тұрақты рейске енген сәттен бүгінге дейін билеттің орташа құны 75,6% қымбаттаған.
Pegasus Airlines компаниясында билет құны 30,7% қымбаттаған. Олар маусым айының соңында Анталияға билетті бір бағытқа 7,5 мың рубльге сатқан. 1 тамыз күні ұшатын билетті 9,8 мың рубльге алуға болады. «Әзірбайжан Эйрлайнз» билеттері 264% қымбаттаған. 1 тамызға билетті 13,5 мың рубльге сатуда, деп хабарлайды АТОР.
Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин ресейліктер үшін Түркияға туристік пакет сатуға салынған тыйымды алып тастады.
фото: mamiatour.com.ua