Мәскеу аспанындағы ұшаққа жай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Домодедово әуежайында әуедегі ұшақты найзағай соқты.
Бұл жайлы РЕН ТВ хабарлады.
Абырой болғанда, өткен жексенбі күні болған оқыс оқиғадан адамдар зардап шекпеген, ұшақ сәтті қонған.
Жерге қонған соң техникалық тексеру кезінде лайнердің радиостансасына зақым келгені белгілі болды. Бұдан тыс, мамандар қозғалтқыштың капотында электр разрядының іздерін тапты.
6 қыркүйекте Мәскеуде осыған ұқсас екі оқиға болған еді. Бірінші оқиға таңертең Шереметьево әуежайына ұшақтың қонар сәтінде, екіншісі кешкісін болған. Ұшақтардың екеуі де сәтті қона алған.