Мәскеу әуежайларында Египеттен әкелінген 10 мыңға тарта шабадан жиналып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке қарай Египеттен Ресейге 53 мыңнан астам ресейлік туристер оралды, Федералдық туризм агенттігі осындай мәліметтерді келтіреді. Олардың жартысы әзірге өздерінің жүктерін әлі алған жоқ немесе әкеткен жоқ.
Жолаушылар өздерімен қол жүктерін ғана ала алады, ал үлкен жүктер Ресейге ТЖМ арнайы рейстерімен жеткізіледі. Олар Мәскеуге және Санкт-Петербургке және одан әрі қажеттігіне қарай «Ресей поштасы» арқылы басқа да елді мекендерге поштамен жөнелтіледі. Шабадандардың басым бөлігі Внуково әуежайына түсіріледі.
6-13 қараша аралығында Внуковоға 6370 сөмкелер мен шабадандар жеткізілді. Бұл кезде Шереметьево әуежайына 4087 бірлік жүк түсірілді. Домодедово өткен жұмадан бері Египеттен әкелінген 7,5 мыңнан астам жүкті өңдеді.
Египеттен ұшарда туристер жүктерін тапсыруды рәсімдейді және өздерінің байланыс мәліметтерін көрсетеді. Жолаушыларға жүктерінің келіп түскен жері туралы әуежайлар қызметі хабардар етеді. Үйге оралғаннан кейін туристер телефон немесе СМС бойынша хабарларды күтуі тиіс. Егер сөмке немесе шабадан Ресейге белгі салынбай әкелінген болса, оны суретке түсіріп, суреттерді Мәскеу авиаторабы әуежайларының сайттарындағы «Жолаушылар үшін ақпараттар» бөліміне орналастырады, деп жазады РБК.
Жұма күні Внуково әуежайының басшылығы жолаушылардан Египет Араб Республикасынан әкелінген жүктерін тезірек алып кетуді өтінді. Шереметьевода жүктермен проблема жоқ екені хабарланды. Домодедово Египеттен әкелінген жүктерді өңдеу мен сұрыптауға және жүк иелерінің сұрақтарына жауап қайтаруға 200-ден астам мамандарды тартқан. Мұндай шаралар 10 және 12 қарашада әуежайға «Волга-Днепр» авиациялық тасымал компаниясының екі жүк ұшақтары қонған, бір жолы ғана олар саяхатшылардың 160 тонна жүгін (шамамен 5 мың орын) әкелген.
Еске сала кетейік. 31 қазанда таңертең Египетте ресейлік «Когалымавиа» авиакомпаниясының А321 ұшағы апатқа ұшырады. Лайнер Шарм-эль-Шейх -Санкт-Петербург жолбағыты бойынша рейсті орындаған. Ұшақ бортында 224 адам, соның ішінде экипаж мүшелері болған. Египеттік биліктің ақпараты бойынша, А321 апатында ешкім де тірі қалған жоқ.