Мәскеу әуежайында құжатсыз әкелінген лемурлар анықталды (БЕЙНЕ)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Домодедово әуежайында кеден қызметкерлері Хошимин-Мәскеу әуе рейсімен ұшып келген жолаушыдан лемурлар мен маймылдар тәркіледі, деп жазады russian.rt.
Вьетнамнан келген жолаушы аңдарды құжатсыз тасымалдаған. Кеден қызметкерлері оларды Мәскеу хайуанаттар бағына тапсырды.