Мәскеу әуежайында ұсталған 34 қытай азаматының тасымалдағаны есірткі заты емес болып шықты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Сенбіге қараған түні Ресейдегі Қытай елшілігі Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталған ҚХР-дың 34 азаматы есірткі заты емес, қытай тағамдарын әзірлеуге арналған қоспа тасымалдағанын растады. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Мәскеу әуежайында ұсталған 34 қытай азаматының тасымалдағаны есірткі заты емес болып шықты

Ұсталғандар - солтүстік-шығыс Хэйлунцзян провинциясы компаниясының қызметкерлері. Олардың сөзіне қарағанда, тасымалданған құрамында магний мен натрий бар 200 кг жуық затты тофу дайындау үшін пайдалануға жоспарланған.

Еске сала кетейік, ресейлік кеденнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұма күні Шереметьево әуежайында 34 қытайлық азаматтан 230 келі ақ ұнтақты зат болған полиэтилен қапшықтары тәркіленген. Қазіргі уақытта аталған затты химиялық сараптаудан өткізуде.