Мәскеу Б.Березовскийдің туыстары оны Ресейде жерлеу туралы өтініш жасаса, оны қарайды

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Мәскеу Б.Березовскийдің туыстары оны Ресейде жерлеу туралы өтініш жасаса, оны қарайды.

Мәскеу Б.Березовскийдің туыстары оны Ресейде жерлеу туралы өтініш жасаса, оны қарайды

Бұл туралы РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Дождь" телеарнасының эфирінде хабарлады, дегенмен бұл орайда рәсімнің қалай өтетіні оған беймәлім екенін нақтылады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

"Егер ондай өтініш болса, әуелі осындай өтінішті күтейік, содан кейін Мәскеу шешім қабылдайтын болар", - деді Песков.

Журналистердің өтінішімен Песков Березовскийдің бұдан бұрын РФ Президентінен өзінің қателіктерін мойындап, елге оралуға рұқсат сұрағаны туралы хаты туралы мәліметтерге түсіндірме берді. атап айтқанда, бұл хат "жеке арналар" бойынша берілгенін" нақтылады.

Тұтастай алғанда Березовский туралы айта келіп, президенттің баспасөз хатшысы қуғында жүрген кәсіпкердің Путиннің өзіне тікелей қатысты нақты әрекеттері жөнінде өзіне қандай да бір әрекеттер белгісіз екенін айтты.
"Мен фактілер туралы ғана айта алам, ол Ресейдің ішіндегі ғана емес, шетелдердегі үдерістерге, яғни , Ресей мен Путинге қарсы бағытталған қолдауға ақша аямағаны анық", - деді Песков.

"Березовскийдің мәлімдемелері көбіне сындарлы сипатта болмады. Нәтижеге бағытталмаған образды түрдегі қатал және ымыраға келмейтін соғыс жариялау - мұндай сынның ешқандай нәтижесі жоқ. Бұл сындарлы сын емес, әлсіз жаудың сыны", - деп санайды баспасөз хатшысы.