Мәскеу банкінен 15 миллион рубльге жуық ақшаны қолды еткен

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Сенбі күні белгісіз қылмыскерлер Мәскеудің оңтүстік-шығысында орналасқан банктен 14,4 млн рубльді қолды қылған, деп хабарлайды «РИА Новости».

Мәскеу банкінен  15 миллион рубльге жуық ақшаны қолды еткен

«Белгісіз екі адам Мәскеудің оңтүстік-шығысында Люблинская көшесінде орналасқан банктердің бірін тонап кеткен. Кассирді байлап, сейфтен $400 мың, €22 мың және кі миллионға жуық рубль алып кеткен», - деп хабарлады Мәскеу қаласының ішкі істер органдарынан.

Жалпы шығын 14,4 млн рубльді құрап отыр. Қылмыстық іс қозғалды.