«Мәскеу-Барнауыл» ұшағының жолаушысы бортта көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал көліктегі тергеу басқармасы ұшақ бортында қайтыс болған жолаушының өлімі жайында тексеру жүргізуде. Мәскеуден Барнауылға бара жатқан ұшақ шұғыл Түменге қонды, алайда әйелді құтқарып қала алмады.

«Мәскеу-Барнауыл» ұшағының жолаушысы бортта көз жұмды

ТАСС хабарлағандай, оқыс оқиға 13 қазанда болған. 1951 жылы туылған әйел өзін жайсыз сезінген. Ұшаққа Рощино (Түмен) әуежайына шұғыл қонуға тура келді. Оны күтіп тұрған дәрігерлер әйелді ажалдан алып қала алмады.