Мәскеу билігі балалар порнографиясына байланысты блогтарға тексеру жүргізеді

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеу билігі орыс тілді блогтарда кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынасты насихаттайтын материалдардың бар-жоғын анықтау мақсатында сараптамалық зерттеу жүргізуге тапсырма берді. Бұл жайында қаңтардың 29-ы күні «Известия» газетінде аймақтық қауіпсіздік департаментінің бастығы Алексей Майоровқа сілтеме жасалған хабар жарық көрді.

Мәскеу билігі балалар порнографиясына байланысты блогтарға тексеру жүргізеді

Нақтырақ айтқанда, жыныстық қатынасқа итермелейтін қандай да бір мәтіннің, фотосуреттің, аудио немесе бейнежазбалардың бар-жоғы тексерілуі мүмкін. muslim.kz сайтының жазуынша, бұл ең алдымен, балалар порнографиясына қатысты жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына 14 млн рубль бөлінді.

Сарапшылардың дені құқыққорғау органдарынан тартылуы мүмкін.

Қауіпсіз ғаламтор лигасының сайтында бұрын хабарланғандай, балалар порнографиясымен күресетін киберліктілерге арналған әлеуметтік желі ұйымдастырылады. Олар өздері анықтаған порнографияға қатысты ақпаратты құқыққорғау орындарына хабарлайтын болады.