Мәскеу биржасына салынған санкция KASE-ні бірге ала кетпей ме

KASE
Фото: Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасы ( KASE) АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау жөніндегі басқармасы жариялаған ақпаратқа түсініктеме берді.

«OFAC (Office of Foreign Assets Control, АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау жөніндегі басқармасы) жариялаған «Московская биржа» жария акционерлік қоғамы мен (әрі қарай – MOEX), Ұлттық клиринг орталығына, Ұлттық есептік депозитарийге енгізілген санкцияларға қатысты Қазақстан қор биржасы (KASE) мынаны хабарлайды.

2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша KASE-де орналастырылған акциялардың 13,1%-ы MOEX-ке тиесілі.

OFAC шығарған №14024 атқару бұйрығына сәйкес, тұлғаның SDN тізімінде болуы акцияларының 50% немесе одан артық үлесін SDN List -тегі тұлға жеке өзі немесе өзге де санкциядағы тұлғалармен бірге тікелей немесе жанама бақылайтын болса, бұғаттау санкцияларын қолдану тәуекелін туындатады.

«KASE ондай тұлғалардың қатарына жатпайды және шектеулер Қазақстан қор биржасына және KASE клиринг орталығына ешқандай әсер етпейді», - делінген KASE мәліметінде.

Қазақстан қор биржасының Мәскеу биржасымен арасындағы байланыс қайта қаралуы мүмкін.

«Осыған байланысты Қазақстан қор биржасы мен KASE Клиринг орталығы штаттық режимдегі жұмысын жалғастыра береді. Сауда-саттық, клиринг пен есеп айырысулар стандартты регламент бойынша жүргізіле береді. KASE санкциялық шектеулерді ескеріп, MOEX-пен іскерлік қарым-қатынасты жалғастыру мәселесін қарастырады», - деп жазылған ресми ақпарда.

Соңғы жаңалықтар