Мәскеу Думасының депутаттары Собяниннің кандидатурасын қала мэрі қызметіне бекітті
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Мәскеу Думасының депутаттары Президент Дмитрий Медведев ұсынған Сергей Собяниннің кандидатурасын Мәскеу мэрінің қызметіне бекітті. 34 депутаттың 32-сі Собяниннің кандидатурасы үшін дауыс берді, деп хабарлайды Utro.ru басылымы.
Кезектен тыс мәжіліс үміткердің бағдарламалық сөзімен басталды, Собянин мэр лауазымындағы өз қызметінің басымдықтарын жария етті. Одан кейін парламентшілердің сауалдарына жауап берді. Депутаттар содан кейін оның кандидатурасы бойынша жасырын дауыс берді.