Мәскеу кітап көрмесінде 180 мың басылым көрсетіледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ол бұл жолы 75-інші деген нөмірге ие болған жаңа павильонда өтеді. Келушілер 55 елден келген 180 мың кітапты және 800 экспозицияны көре алады. Көрме-жәрмеңке қыркүйектің 7-сіне дейін жұмыс істейді.
Ресейлік баспагерлер жазушылар мен оқырмандардың ондаған кездесулерін өткізбекші. Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің бағдарламасынан Андрей Битовтың, Дмитрий Быковтың, Владимир Войновичтің, Эдвард Радзинскийдің, Захар Прилепиннің, Михаил Елизаровтың, Александр Марининнің, Татьяна Устинованың, Александр Прохановтың, Дмитрий Глуховскийдің және басқалардың есімдерін көруге болады. Жәмеңкеге келушілермен Артемий Троицкий, Тимур Бекмамбетов, Сергей Соловьев, Леонид Парфенов, Владимир Соловьев және т.б. қаламгерлер кездеседі.