Мәскеу маңында апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышы мотопарапланер спортынан әлем чемпионы болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңында гиропланермен соқтығысқан Robinson тікұшағының ұшқышы мотопарапланер спортынан әлем чемпионы болған Вадим Бухтияров, деп хабарлады ТАСС.
«Тікұшақ Вадим Бухтияровқа тиесілі екені анықталды», - деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.
Дереккөздерге сүйенсек, ол «кәсіби ұшқыш».
Соңғы мәліметтерге қарағанда, соқтығысу салдарынан алты адам қаза тапқан, оның екеуі бала.