Мәскеу маңында ерегіскен әйел өнеркәсіптік альпинистің арқанын кесіп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ленин ауданының тұрғыны өлтірмекші болған өнеркәсіптік альпинисті тек дер кезінде әрекет еткен серіктесі құтқарып қалды. Тергеушілер ғимараттың қасбетінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам ілініп тұрған арқанды 49 жастағы әйелдің кесіп жібергенін анықтаған.

 Мәскеу маңында ерегіскен әйел өнеркәсіптік альпинистің арқанын кесіп жіберген

Олардың арасындағы жанжал жөндеушілердің телевизия антеннасын зақымдағаннан кейін басталған. Людмила Ф. 27 жастағы альпиниске төменге түсуді талап еткен. Ол жұмысшыға «ілініп тұрған арқаныңды кесіп жіберемін» деген.

Осы уақытта жанындағы жұмыскер әріптесіне қосымша сақтандыру кабелін бекіткен. Әйел біраздан кейін ас бөлменің терезесін ашып, пышақпен арқанды кесіп жіберген.

Арқан үзілгенде альпинист сегізінші қабаттан төмен қарай құлаған. Тек екінші мен бірінші қабат арасында ғана сақтандыру кәбілінің арқасында тоқтап, аман қалған.

- Әйел ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары қабылданады, - деді Ресейдің тергеу басқармасының баспасөз қызметі.