Мәскеу маңында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Пушкинский ауданында Мураново ауылының маңында МиГ-29 жойғыш ұшағы құлады. Бұл туралы ресейлік РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Мәскеу маңында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Апат туралы ақпаратты құқық қорғау органдарындағы оқиғадан хабардар қызметкерлер растады. Ұшақ қорғаныс өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың біріне тиесілі болған.