Мәскеу маңындағы Звенигородта жеке үйден 4 млн рубль мен бірнеше қаруды сыпырып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу коммерциялық фирманың бас директорының Звенигородтағы жеке үйінен 4 млн рубльден астам ақша мен қару ұрлаған, деп хабарлады "Интерфакс" РФ ІІМ баспасөз орталығына сілтеме жасап.
None
None

Сенбі күні жеке фирманың 59 жастағы бас директоры полицияға белгісіз біреу Звенигородта «50 лет Победы» көшесінің бойындағы үйіне терезе арқылы кіргенін хабарлады.

Бірінші қабаттағы шкафтан белгісіз адам 4 млн рубль, 1,5 мың доллар, 1,2 мың еуро, сонымен қатар травматикалық тапанша, аң аулауға арналған қару мен карабинді қолды еткен.

Келтірілген залалдың жалпы көлемі 4 млн 214 мың рубльді құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар