Мәскеу мектебінде атылған оқ оқиғасының ресми нұсқасы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеу комитеті мәскеулік №263 мектепте орын алған атыс туралы мәлімдеменің ресми нұсқасын жариялады.

Мәскеу мектебінде атылған оқ оқиғасының ресми нұсқасы жарияланды

«Бүгін түске қарай №263 мектептің жоғарғы сынып оқушысы білім ордасына қарумен келген. Күзетші оны ұстап қалмақшы болған, оқушы сол сәтте шүріппені басып қалған. Күзетші дабыл нүктесін басып үлгерген. Ол қарулы оқушыны 10 сынып оқушылары отырған биология кабинетіне дейін әкелген. Жолшыбай қарудан атылған оқтың бірі мұғалімге тиген, ол алған жарақатынан көз жұмды, - деп хабарлайды ведомствоның өкілі Владимир Маркин. Қайтыс болған ұстаздың есімі - Андрей Кирилов.

«Мектеп күзетшісінің шақыртуы бойынша келген полиция қызметкерлері ғимаратқа кірген бетте, оқушы оларға да оқ атқан. Салдарынан біреуі жараланып, ал енді бірі сол сәтте жан тапсырған», - деді Маркин. Бұдан бұрын алған жарақатынан полицияның аға сержанты Сергей Бусюевтің қайтыс болғаны туралы хабарланды.

ІІД баспасөз қызметінің деректері бойынша қылмыскер екі мылтықпен қаруланған. Ол бір сағаттан кейін тұтқындалды.

«Оқ атқан жасөсіпірім үздік оқушымыз еді», дейді А.Якунин. Оны бұл қылмысқа эмоциялық күйзеліс итермелеген болуы мүмкін. Ұлын құқық қорғау органдары қызметкерлеріне берілуге әкесі көндірген.