Мәскеу мен Астанада өтетін мерекелік шараға қатысуға 17 алматылық ардагер аттанып кетті
Бүгін Алматы әуежайында осыған орай ардагерлерді құрметпен шығарып салу салтанатты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ардагерлердің 2-уі Мәскеудегі, 15-і Астанада өтетін шараға қатысады. Сапар барысында оларға арнайы медициналық қызмет өкілдері еріп жүреді. Ардагерлер тегін жол, жатын орынмен, тамақпен, бірыңғай киіммен қамтамасыз етіледі. Ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қала әкімшілігінің өкілдері мен Түркісіб ауданының әкімі қатысты. Астанада өтетін мерекелік шараға қатысушылардың бірі Шапағат Әлбазаров Беларус майданында шайқасқан. «Жеңісті Берлинде әскери госпитальда қарсы алдым. Сол күнгі үлкен қуаныш әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Бүгін Астанаға үлкен мерекелік көңіл күймен аттанып барамын. Осындай бақытты тұрмыс үшін |Елбасына үлкен алғыс білдіремін», дейді ардагер.