Мәскеу мен бүкіл Русь Патриархы Кирилдің Қазақстанда болу бағдарламасы өзгерді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Мәскеу мен бүкіл Русь Патриархы Кирилдің Қазақстанда болу бағдарламасы өзгерді
ҚР СІМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Патриархтың қаңтардың 18-іне белгіленген Астанада жаңадан салынған Успен кафедралдық соборын дәріптеу рәсімі қаңтардың 17-сіне, жексенбі күніне ауыстырылды.
Орыс Православ шіркеуінің басшысы содан кейін Алматыға ұшып шығуды жоспарлауда, онда Никольск соборында мінәжат оқып, Вознесен кафедралдық соборында литургия рәсімін өткізеді және 28-панфиловшы-гвардияшылар саябағындағы даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.
Алматыда Патриархтың жұртшылықпен кездесуі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді деп күтілуде.
Ресей Православ шіркеуінің басшысы Қазақстанға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша келді.