Мәскеу мен Рязаньда қазақстандық криминалист-ғалымның ғылыми еңбектері таныстырылды

МӘСКЕУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Дүйсенбі күні Ресейдің Мәскеу және Рязань қалаларында криминологияға арналған үшкүндік конференция аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осынау конференция барысында қазақстандық ғалым Есберген Алаухановтың жаңа ғылыми басылымдарының таныстырылымы өтті. Атап айтқанда, «Криминология», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», және т.б. оқулықтар таныстырылды. Есберген Алауханов Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде «Сот билігі және қылмыстық процесс» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның криминологиялық қауымдастығының вице-президенті.
Соңғы жаңалықтар