Мәскеу мэрі Лужков еңбек демалысынан кейін жұмысына шықты

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Мәскеу мэрі Юрий Лужков Австрияда өткізген бірапталық демалысынан кейін, бүгін, дүйсенбі күні жұмысына шықты, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Мәскеу мэрі   Лужков  еңбек демалысынан  кейін   жұмысына  шықты

Мэрдің баспасөз хатшысы Сергей Цойдың хабарлауынша, Лужков ЮНЕСКО-ның Мәскеуде өтетін дүниежүзілік конференциясының ашылу рәсіміне қатысу үшін, орынбасарларымен өткізетін дәстүрлі кеңесін бүгін өткізген жоқ.

Лужков демалысқа кетердің алдында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында, демалыстан кейін оның қызметінен алынатындығы туралы ақпараттар пайда болған еді.Оған дейін ресейлік бірқатар телеарнаның эфиріне мәскеу өкіметінің жұмысын үзілді-кесілді сынаған хабарлар да шыққан.