Мәскеу мэрі орынбасарының лауазымын 3 млн. еуроға сатпақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу мэрі орынбасарының лауазымын 3 млн. еуроға сатпақ болған. Осындай «кәсіппен» айналысқан екі қаскөй 500 мың еуро көлемінде кепілдік ақша алып жатқан жерінде қолға түсті, деп хабарлады "Известия".
Мәскеуде әртүрлі атқарушы және заң шығарушы органдардағы лауазымдарды сатуға күдікті қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, олар Үкіметте қала салу саясаты және құрылыс мәселесімен айналысатын Мәскеу мэрінің орынбасары лауазымын үш миллион еуроға сатып алуды ұсынған.
Қылмыскерлер қазір осы лауазымда отырған Марат Хуснуллинді босату мәселесі ақша берілген сәттен бастап, екі-үш аптаның ішінде шешілетініне сендірген. Сатып алушы рөлін экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бөлімінің атқарған. Ол қылмыскерлерге 500 мың еуро кепіл ақша беріп, оны алу үстінде ұстаған. Қазіргі кезде оларға қарсы «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.