Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қызметіне кіріскеніне жүз күн толды

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Сергей Собяниннің Мәскеу қаласының мэрі лауазымын атқара бастағанына жүз күн толады.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қызметіне кіріскеніне жүз күн толды

Осы аз ғана уақытта ол Ресей астанасы үшін үлкен маңызды мәселелерді шешуге, атап айтқанда, жақын көрші - Мәскеу облысымен қарым- қатынастағы «артық жүктемелерді» жолға қоюға күш салуда.

Кез келген басшы секілді Собяниннің де алғашқы қызметіндегі жүз күні сыналмай, «карт-бланш» беру арқылы ол өзін көрсетуге, өз саясатын орнықтыруға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар Собяниннің осы жүз күні қыстың аса қытымыр кезеңіне тап келді. Келер жылдың бюджеті қабылданды. Келеңсіз күндер де болды. Домодедоводағы лаңкестік әрекет, Манеж алаңындағы даулы мәселе - осының барлығы Мәскеу мэрі қызметіндегі күрделі де күрмеулі мәселер туғызды. Алайда жұмыс өз кезегімен жүріп келеді. Атқарылатын шаруалар да орасан зор.