Мәскеу метросында қырғызстандық рельске құлаған әйелді құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу метросында 28 жастағы қырғызстандық Марат Исаев рельске құлаған мәскеулік Юлия Вальді құтқарды. Бұл туралы КирТАГ хабарлады.
Оқыс оқиға «Красносельская» стансасында орын алды. Нәзік жанды есінен танып, рельске құлаған. Бұл кезде пойыз келе жатқан. Станса бойынша кезекші полицей жәрдемдеспек болды. Алайда ол жалғыз өзі әйелді көтере алмады. Марат секіріп түсіп, оған дереу көмекке ұмтылды.
«Дабылқаққышты естіп, жарық шамдарды көрген соң пойыз тоқтамайды деп ойладым. Біз әйелді рельс арасындағы жерге сүйредік. Оны көтерудің мәні болмады. Өйткені пойыз жаншып өте шығар еді. Әйтеуір соңғы секундта теміржол табанындағы қуысқа жатып үлгердік», - деді қыргызстандық.
Абырой болғанда бәрі аман қалды.
Марат «Дизайн Депо» фирмасында курьер болып жұмыс істейді.