Мәскеу метросында зағип ер адам пойыз астына түсіп, тірі қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше оқиға мәскеулік метрополитеннің Серпухов-Тимирязев желісінің "Севастопольская" стансасында орын алды. Онда көзі көрмейтін ер адам келе жатқан пойыздың алдында рельске құлап қалды.

Мәскеу метросында зағип ер адам пойыз астына түсіп, тірі қалды

Оқиға Мәскеу уақытымен сағат 13:49-да орын алды, бірнеше минуттан соң жолаушыны платформаға көтеріп алды, деп жазады РИА Новости.

Зардап шегушінің қандай жарақаттар алғаны туралы әзірге хабарланбай отыр.