Мәскеу метросында жаңа тұрпатты пойыздар жолға шығады

Мәскеу метросында жаңа тұрпатты пойыздар жолға шығады

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеу метросының Калинин желісі бойынша жаңа тұрпатты пойыздар 2012 жылғы наурыздан бастап жүре бастайды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Бұл туралы «Метровагонмаш» ААҚ-ның 81-760 жаңа сериялы вагондары жобасының бас конструкторы Сергей Литвинов журналистерге мәлім етті.

«Жаңа пойыздарға жолаушылар бұрынғыдан көп сияды, атап айтқанда 330 адамға дейін орналаса алады», - деді Литвинов. Сондай-ақ онда қауіпсіздік деңгейіне және жайлылығына мән берілген. Жаңа вагондар климат-бақылау және ауаны зарарсыздандыру құрылғыларымен, сондай-ақ жолаушылар салоны мен машинист кабинасын жылыту жүйелерімен жабдықталған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин метро вагондарын 2020 жылға дейін толық жаңартуға пәрмен берді.