Мәскеу метросында жолаушы 7 тапанша және автоматтармен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға 15 ақпанда, күндіз Кольцевой желісіндегі "Павелецкая" стансасында орын алды.
Тексеру барысында 37 жастағы жолаушының өзімен бірге 4 Ярыгин тапаншасын, 1 ТТ тапаншасын, 2 АҚ автоматы мен патрондарын алып жүргені анықталды.
Ер адам ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.