Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Нұржан Айтмаханов мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең мәскеулік метроның Арбатско-Покровский желісінде пойыз рельстен шығып кеткен еді. Апат салдарынан 19 адам қаза тапса, зардап шеккен 161 адамның 118-і ауруханаға жеткізілді, 50-ден астам адам ауыр жағдайда. Зардап шеккендер Склифосовский атындағы ҒЗИ-ге, №71, №36, №67 ҚКА, Боткин қалалық клиникалық ауруханасына, 1-ші қалалық ауруханаға жатқызылды.