Мәскеу мұрағатынан Мұхтар Әуезов жазған киносценарий табылды

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Ресейдің мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатынан Мұхтар Әуезов жазған киносценарий табылды. Қолжазба бұған дейін беймәлім болып келген. Бұл туралы бүгін М. Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымының таныстырылымында М.Әуезов мұражай - үйінің директоры Диар Қонаев айтты.
None
None

«Киносценарий 50 томдық академиялық басылымды құрастыру барысында Ташкент, Мәскеу қалаларындағы мұрағаттардан Мұхтар Әуезовке қатысты деректер іздеу кезінде табылды. «Үш тілек» (қолжазба атауы орыс тілінде «Три желание») деп аталатын киносценарий өкінішке орай қойылмай, архивте қалған. Сценарий қазақтың ауыз әдебиеті негізінде жазылған. Мұрағатта үш түрлі нұсқасы сақталыпты»,- дейді Д.Қонаев.

Аталған құнды қолжазба бүгін таныстырылымы өткен 50 томдық академиялық басылымға енгізілген.

Соңғы жаңалықтар