13:41, 14 Шілде 2013 | GMT +5
Мәскеу облысында доңыздардан африкалық оба анықталды
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеу облысында өлген жануарлардан доңыздардың африкалық обасы табылды.
Соған байланысты өңірлерде карантин шаралары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды «РИА-жаңалықтар» РФ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоғызыншы шілдеде Волоколам ауданының Харланино ауылынан үш шақырым жерде 3 арам өлген жабайы қабан табылды. Одан кейін 12 шілдеде Лотошинск муниципалдық ауданының Большая Сестра ауылының тұрғындары тағы бір үй доңызының өлігіне тап болыпты.