Мәскеу облысында Су-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Мәскеу облысында Су-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлады 24.kz.

Мәскеу облысында Су-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға техникалық ақау себеп болғанын хабарлады. Болжам бойынша, ұшақ қолайсыз ауа райына байланысты құлауы да мүмкін.

Ұшқыш әуе кемесін елді мекендерден аулақ әкету үшін жанталасып, парашютпен секіруге үлгермеген. Апаттың нақты себебі қара жәшіктердегі мәліметті зерттеген соң, белгілі болмақ.