Мәскеу орталығындағы пәтерден құны 4 млн рубль болатын сағаттар коллекциясын ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығындағы пәтерден белгісіз екеу құны 4 млн рубль болатын сағаттар коллекциясы мен зергерлік бұйымдарды қолды етті.
None
None

Қылмыс Дуров көшесі бойында жасалған, деп хабарлады ТАСС.

Жапа шегуші қаскөйлермен далада танысып, оларды өзінің үйіне шақырған. Мұнда ол жаңа таныстарымен ішімдік ішкен. Қонақтар пәтер иесін сабап, оның кеңестік және швейцариялық сағаттар коллекциясын, зергерлік бұйымдарын, екі ноутбук пен екі ұялы телефонын алып кеткен. Бұдан соң ер адамдар іздерін суытқан.

Жапа шегуші ұрланған заттарды 4 миллионға бағалады.

Соңғы жаңалықтар