Мәскеу орталығындағы жүзбелі мейрамхана өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығындағы Тарас Шевченко жағалауында орналасқан жылжымалы мейрамханада өрт шықты, деп хабарлайды Би-би-си РФ ТЖМ бас басқармасына сілтеме жасап.

Мәскеу орталығындағы жүзбелі мейрамхана өртенді

Оқиға орнына өрт сөндіретін "Полковник Чернышев" кемесі жетіп, мәскеу уақыты бойынша, 2:01-де тілсіз жау ауыздықталды.

БАҚ хабарлағандай, әңгіме «Украина қонақүйінің кеме аялдайтын орнында тұрған жүзбелі "Ля Барж" мейрамханасы жайлы болып отыр.

Өрт шыққан кезде онда жұмысшылар мен келушілер болған. Олар сыртқа шығарылды.

ТЖМ мәліметтеріне қарағанда, өрт бірінші палубадан шыққан. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.