Мәскеу - Петербор күрежолында автобус жүк машинасымен соқтығысты
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Жұмысшы-мигранттар мінген автобус Мәскеу - Петербор күрежолының новгородтық учаскесінде жүк машинасымен соқтығысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала деректерге қарағанда, апат түнде орын алған. Автобус жүргізушісі жылдамдықты айтарлықтай арттырып жіберген және ілеспе бағытта кетіп бара жатқан жүк машинасына барып соқтығысқан.
Сонымен қатар, Ресейдің аумағында өткен демалыс күндері 2009 жылғы тамыздың 15-і мен 16-сы аралығында 1 мың 286 ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 175 адам мерт болған, олардың ішінде 10 бала бар, деп хабарлады РФ Ішкі істер министрлігінен.