Мәскеу саябақтарында электромобильдер пайда болады
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алдымыздағы жылы Мәскеу орман саябақтарында электромобильдер пайда болады,
деп хабарлады қалалық табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бастығы Антон Кульбачевский. Оның сөзі бойынша, электромобильдерді пайдалану бойынша бірінші ілкі жоба қаланың ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында жүзеге асырылады. Қазіргі кездің өзінде-ақ «Царицыно» мұражай-қорын электромобильмен жүріп аралауға болады.