Мәскеу-Тегеран ұшағы апатты жағдайда жерге қонды

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - IranAir әуе компаниясының Мәскеуден Тегеранға ұшқан Boeing-727 ұшағы Тегеран әуежайына апатты жағдайда қонды.

Мәскеу-Тегеран ұшағы апатты жағдайда жерге қонды

Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып Би-Би-Си хабарлады.

Агенттікке әуе компаниясының ресми өкілі хабарлағандай, ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшақ бортында 94 жолаушы мен 19 экипаж мүшелері болған.

Қаңтар айында осы әуе компаниясыныңBoeing-727 ұшағы Иранда апатқа ұшырап, 78 адам қаза тапқан болатын.